Атыраудағы "Силлено" зауытына габаритті жабдық жеткізілді

162

Жүк Маңғыстау облысындағы Ерсай портына келді.  

Атыраудағы "Силлено" зауытына габаритті жабдық жеткізілді Фото: kmg.kz

Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен өндіру зауыты үшін ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы "өзен-теңіз" суларында жүзетін екі кемемен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүк құрамында өндіруші зауыттан шыққан пиролиз қондырғысына арналған 9 технологиялық жабдық бар. Партияның жалпы салмағы 12 мың тоннаға жуық, бұл шамамен 200 жүк тиелген теміржол вагонының салмағына тең.

Құрамында реакторлар, сепараторлар және бағаналар бар. Ең ірі жабдық – ұзындығы 43 метрден асатын, салмағы 347 тоннаны құрайтын дымқыл факел газының сепараторы (Wet Flare Knock Out Drum).

Жүкті түсіру жұмыстары аяқталды. Енді жабдық Атырау облысындағы "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағындағы құрылыс алаңына жеткізілмек.

Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы "Силлено" зауыты – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі инвестициялық жобалардың бірі. Кешенді іске қосу 2029 жылға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу