Атыраудағы тұрақтандыру қоры азық-түлікті саудаға шығаруды бастады

1904

Атыраудағы тұрақтандыру қоры азық-түлікті саудаға шығаруды бастады

"Атырау" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жасақтаған тұрақтандыру қорына биыл 944 мың 700 тонна ауылшаруашылығы өнімдері жинақталған болатын. Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісім негізінде бүгінде қорда 492 мың тона картоп, 250 тонна пияз, 102 тонна қырыққабат пен 100 тонна сәбіз сақтаулы. Жаңа жылдан бастап, тұрақтандыру қоры қысқы қордағы тауарларды сатуға шығара бастады, деп хабарлайды khabar.kz.

Бүгінде мұнайлы өңірде картоптың келісі - 86 теңге, пияз - 85, қырыққабат - 81, сәбіз - 100 теңгеден ірі сауда орталықтары арқылы тұтынушыларға жіберіле бастады. Сондай-ақ 575 мың 580 дана бірінші сұрыпты тауық жұмыртқасы 19 теңгеден сатылымға шығарылуда. 
"Тұрақтандыру қорының өнімдері Атырау қаласының ірі базарларында сатылуда және Атырау облысының аудандары арқылы да сатылады. Бұл тауарлар мамыр айының ортасына дейін жетеді деп жоспарланды. Баға межеленген мөлшерде қалады", - дейді "Атырау" ӘКК-ның  департамент директоры Димитрий Дю.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу