Атырау қаласының соты экономикалық қылмыс жасаған адамдар тобына қатысты үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу нәтижесінде А.С.Тюякпаев, С.А.Аргалаш және А.С.Булатовтың қатысуымен 8 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемасы құрылғаны анықталды. Осы әрекеттерден мемлекетке 590 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Сонымен қатар, Тюякпаев 342 млн теңгені бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы өзінің жұбайының жеке шотына аударып, заңдастырған.
Сот шешімімен 4 автокөлік, 2 пәтер және бір тұрғын үйге тыйым салынды. Тергеу барысында 236 млн теңге өз еркімен өтелді.
"Сот Тюякпаев, Аргалаш және Болатовты кінәлі деп танып, оларды 2 жыл 4 айдан 4 жылға дейін бас босандығынан айырды. Қылмыстық жолмен алынған Атырау қаласындағы пәтер мен автокөлік мемлекеттің пайдасына тәркіленді", – деп хабарлайды ҚМА.
Қалған мүлікке қатысты азаматтық талап шешілгенге дейін сақталатын болады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.