Атыраудағы жолдардың сапасына көңіл бөліну керек

1162

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің ұйымдастыруымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Атыраудағы жолдардың сапасына көңіл бөліну керек

Онлайн форматтағы жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары С.Аблалиев,  "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры З.Сағынов, аталған кәсіпорынның Атырау облыстық филиалы директоры Б.Мұқашов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Бекенов пен облыстағы жол құрылысына қатысты басқарма басшысы мен аудан әкімдері қатысты. 

Еліміздегі жол сапасын бақылайтын бірден бір кәсіпорынның  директоры  Замир Садықұлының айтуынша, жыл сайын  Атырау облысы бойынша қалалық және аудан деңгейінде жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы кәсіпорын филиалы облыс жолдарынан 488 рет сынама алған, 113 ақау анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша  мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасына 7 ұсыныс беріліп, оның екеуі қаралып, бесеуі жауапсыз қалған. Бір ұсыныс бойынша бір мердігер мекемеге 1 млн.теңгеге жуық  айыппұл салынған. Ал "Сапалы жол" жобасы  аясында 16 рет жол сапасы тексеріліп, оның 12-сінен 12 ақау табылған. Департамент ұсынысымен құны 13 млн. теңге болатын жол қайта жөнделді. Оның көпшілігі республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдар. Ал, аудандар бойынша айтар болсақ, мекемеде Атыраудағы 7 аудан ішінде тек 1 ауданмен ғана келісім-шарт бар. Сондықтан қалған 6 аудандағы жол сапасын тексере алмайды.

Кәсіпорын басшысы сападан басқа орташа жөнделіп жатқан жолдарға сараптама жасалатынын да айтты. Өкінішке орай, Атырау облысында сараптама аз. Былтыр бірде бір рет сараптама жасалмаған.  Жауапты мекеме басшылары бәрін күрделі  жөндеу, қайта өңдеу, құрылыс есебінен салып жатырмыз деген мәлімет берген. Ал, 2019 жылы сараптама бойынша тек 2 құжат өткізілген. 

"Жалпы, республика бойынша айтсақ, 2019 жылы 113 сараптама бердік. 2020 жылы олардың саны арты, 308 сараптама бердік. Мұндағы мақсат – облыстардағы орташа жөнделетін жолдарды бір бағытқа келтіру, сапасын жақсарту. Бұдан бөлек жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Соның біреуі  "Ақтөбе-Атырау" тас жолы учаскесінде 2,5 метрге жолды қазып, әрбір деңгейге , әрбір 50 см сайын датчиктер   қойып, ауа райының өзгеруіне байланысты, көктем, күз, жаз уақытында жол қалай жұмыс атқарады деген сараптама жасап жатырмыз. Оның нәтижесін 2-3 жылда шығарамыз", – деді З.Сағынов.

Ал, комитет төрағасының орынбасары С.Аблалиев жергілікті атқарушы билікке  мұнайлы өңірдегі жолдардың сапасына салғырт қарамауды тапсырды. "Шымшық сойса да қасапшы сойсын" дегендей, жол сапасын заманауи талапқа сай жабдықтары бар кәсіпорын мамандарының тексергені дұрыс деген уәж айты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу