Атыраулық ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.  

Атыраулық ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланды Фото: arasha.kz

Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басты күдікті – Атырау облысы, Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта қылмысқа өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. 

– 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, – деп мәлімдеді жауапты орган. 

Еске салайық, жоғалған отбасыны іздестіру жұмысы 2025 жылдың 25 желтоқсанында басталды. 

Бұған дейін атыраулық ерлі-зайыптыны ауыл халқы ақтық сапарға шығарып салғанын жазған болатынбыз.  
Одан кейін марқұмның туысы маңызды үндеу жасаған еді.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу