Атыраудан Нұр-Сұлтанға қатынайтын пойыздар уақытша жүрмейді

691

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.  

Атыраудан Нұр-Сұлтанға қатынайтын пойыздар уақытша жүрмейді

Атырау қаласынан жолаушылар пойызының жол жүруі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік комиссияның 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде жаңа шешім қабылданды.

"Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 13 шілдеден бастап – Атыраудан, 15 шілдеден бастап - Нұрлы жолдан жол жүруін уақытша тоқтатады. Аталған пойызға бұрын билет алған жолаушылар құжатын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Билет ақшасын қайтару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі" делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, коронавирус пандемиясының таралу кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу