Атыраудан Оралға ұшатын рейс тоқтатылды

139

Қазіргі кезде Оралдан Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қаласына әуе рейстері қатынайды. 

Атыраудан Оралға ұшатын рейс тоқтатылды Фото: 2gis.kz

Атырау мен Орал қалалары арасында қатынап жүрген әуе рейсі 1 қарашадан бастап ұшпай қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орал әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, Qazaq Air әуе компаниясынан Атырау-Орал бағытындағы тұрақты ұшулар 1 қарашадан 28 наурызға дейін тоқтатылады деген хабарлама келген. 

"Аталмыш рейс аптасына 4 рет ұшып жүрген. Әуе компаниясы тоқтату себебін айтпады. Сонымен қатар Атырау-Ақтөбе бағытындағы рейс те жабылды", – деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу