Атыраудан табылған "темір адам" Мажарстанға жіберіледі

1349

Болжам бойынша, ол 50-60 жастағы көшпенді түркілердің ұрпағы болуы мүмкін.  

Атыраудан табылған "темір адам" Мажарстанға жіберіледі

Өткен жазда Атырау облысында Миялы қорғанына жүргізілген қазба жұмысы кезінде темір адам табылған болатын. Оның кей бөліктері зерттеу үшін Мажар Республикасына жіберілмек екен, - деп жазды inbusiness.kz

тілшісі.

Ер адамның қаңқасы 3 метр тереңдіктен табылған еді. Басынан аяғына дейін темірмен қапталғандықтан ғалымдар оны "темір адам" деп атап кеткен. Жанында бір метрлік семсері, патерасы, атының қаңқасы және басқа да заттары болған. Бірегей жәдігер бұрын-соңды белгісіз болып келгені өз алдына, басқа мұралардай емес, тоналмастан жетіпті. Бағалы темір сауытқа да қол тимеген.

"Тарихи құндылықтың құндылығын жойып алмау үшін оған  антропологиялық, ДНК-лық зерттеулер жүргізілу қажет болды. Зерттеу жұмысы 2021 жылдың қаңтар айында сүйектердің барлық морфологиялық және метрикалық анализдерін қамтитын антропологиялық талдау жүргізуге елде арнайы мамандардың болмауына байланысты Мажар (Венгр) Республикасының жаратылыстану ғылымдарының қызметкерлері шақыртылды. Алайда, жұмысты толыққанды жүргізу үшін арнайы құрылғылардың болмауына байланысты және бас сүйекті қайта  қалпына келтіру  мақсатында тарихи құндылықтың кейбір бөліктері Мажар жаратылыстану ғылыми орталығына жіберілді, - дейді  "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялық зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбеков.

Мажар-Тұран қорының президенті Биро Андраш Жолттың айтуынша, венгрлер қаңқаның бас сүйегін компьютерлік томографиядан өткізіп, антропологиялық анализ жасаған. Болжам бойынша, "темір адамның" жасы 50-60 шамасында. Біздің дәуірімізге дейінгі 10 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді түркілер ұрпағы болуы мүмкін. Дегенмен, зерттелетін жайлар әлі де көп, оның өзі сапалы, терең әрі замануай жұмысты талап етері анық.

Келесі кезекте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын археологиялық жұмыстарды Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік, Балқұдық қорғандарына жүргізу жоспарланып отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу