Атыраудың "Дина" базарында дау шықты

1130

Сауда иелері жұмыс уақытының қысқаруына қарсы.  

Атыраудың "Дина" базарында дау шықты

Атырауда "Дина" базарының сатушылары облыстағы қатаңдатылған жаңа санитарлық ережеге қарсы шықты. Өңірдегі ірі сауда орталығы "Ashyq" бағдарламасына қосылмағандықтан жұмыс уақыты 28 сәуірден бастап сағат 15.00-ге дейін қысқарған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Басында бірнеше несиесі бар, оның үстіне сауда орнына жалға алу ақысын төлейтін кәсіпкерлер бұл талап "саудамызды тұралатып тастайды" деп отыр. "Базарда түскен дейін онсыз да сауда аз, сағат үштен кейін ғана қызады. Бізге аптасына бес күн, таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін жұмыс жасайтын мүмкіндік берулеріңізді сұраймыз", - дейді сатушы Райхан Жұмағалиева. Оның үстіне, базар басшылығы жұмыс уақытының азайып, саудагерлердің табысы азайып отырғанына қарамастан жалға алу ақысын азайтпай отыр екен.

Айта кетейік, жаңа қаулы бойынша "Ashyq" бағдарламасына тіркелген кәсіпкерлік нысандары 17.00 сағатқа дейін жұмыс істейді. "Дина" базары тарапынан оған өтініш енді беріліп, ол әлі қабылдана қоймаған. Белгілі болғандай, сауда орталығы да, ондағы бутиктерді жалға алған жеке кәсіпкерлер де жеке-жеке бағдарламаға тіркелуі тиіс. Қаладағы базарлардың бағдарламаға тіркелуі жағынан баяу қимылдап жатқаны байқалады, олардың көпшілігі "Ashyq" желісіне қосылу үшін кәсіпкерлер палатасына ұсыныстарын жуықта ғана жолдаған.

Атырау облысында сәуір айынан бастап "Ashyq" бағдарламасына QR-кодын алу үшін кәсіпкерлер тарапынан 812 өтініш түсіп, оның 781-і қанағаттандырылыпты. Бірақ, келушілерді тіркемегені анықталған 13 объект бағдарламадан екі аптаға шығарылған. Сонымен қатар, аталған 781 нысанның 577-і тесттік режимнен өтіп, әкімдік сайтында жарияланды.

Мұнайлы аймақта короносирус дертіне байланысты қазіргі ахуал көңіл көншітпейді. Облыс қызыл аймақта тұр. Соған байланысты қатаңдатылған жаңа қаулыны түсіндірген Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешованың айтуынша, егер эпидемиологиялық жағдай бұдан әрі өрши беретін болса ведомоствоаралық комиссия карантинді шектеу талаптарын тағы қатаңдатуы мүмкін. Бұл мезгіл екі аптаға, 2-16 тамыз аралығына белгіленіп отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу