Атыраудың маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін

232

Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов айтты.  

Атыраудың маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін Фото: gov.kz

Жыл сайын Атырау қаласының аумағы кеңейіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы жылдары мұнайлы шаһарда жаңадан "Өркен", "Жұлдыз-1", "Жұлдыз-2", "Жұлдыз-3", "Көктем", "Қайнар", "Байтақ", "Самал" секілді жаңа шағын аудандар бой көтерді.

Сондай-ақ бұрын Махамбет ауданының әкімшілік бөлінісінде болған Береке, Алмалы ауылдары шаһар маңындағы елді мекендер құрамына қосылды.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің сөзінше, тағы да 7 жаңа елдімекеннің жоспары жасақталып жатыр. Жаңадан бой көтеретін ауылдарда 7 мың 84 жер телімі инфрақұрылым жобасымен қамтылады.

– "Самал" шағын ауданында 172 жер теліміне арналған инженерлік желілердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. 2024-2025 жылдары кезекке тұрған 611 адамға Қайнар шағын ауданынан жер телімдері берілді, – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу