Атырауға "Сәби" қайырымдылық қорынан көмек келіп жетті

817

Жеті көлікке тиелген дәрі-дәрмек аудандарға таратылды. 

Атырауға "Сәби" қайырымдылық қорынан көмек келіп жетті

Атырауға мемлекет жəне қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов "Сәби" қайырымдылық қоры арқылы берген 26 млн 450 мың теңге көлеміндегі дәрі-дәрмек жеткізілді. "Иманғали" мешіті дәрі-дәрмек тиелген жеті көлікті аудандарға жіберді, ол облыс бойынша ем қабылдап жатқан үш мыңдай науқасқа теңдей таратылмақ. Бұл жұмысты еріктілер жүзеге асырып жатыр. Ал дәрілер үй жағдайында амбулаториялық ем алып жатқан науқастарға дәрігер нұсқаулығы бойынша үлестіріледі. 

Карантин кезінде мешіттер жабық болғандықтан тұрғындар қажет дәрі-дәрмегін бұл жерден ала алмайды.

Оларды мұқтаж жандарға "Иман жастары" ұйымының еріктілері тасымалдамақ.

Бұдан бөлек, "Сəби" қоры Атырау халқына жіберген жалпы құны 50 миллион теңге болатын бес ИВЛ жасанды тыныс алу аппараты қаладағы емдеу орталықтарына табысталмақ.

"Қазіргі уақытта Түркияға шағын он аппарат үшін қаржы жөнелтілді. Алла қаласа алдағы аптада тағы он аппарат емдеу орталықтарына тапсырылады",  – дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу