Атыраулық зейнеткердің көзіне сірке қышқылын шашып, алтындарын тонап кетті

Жәбірленуші – II топтағы ерекше қажеттілігі бар зейнеткер.

Атыраулық зейнеткердің көзіне сірке қышқылын шашып, алтындарын тонап кетті Фото: canva

Қылмыстық оқиға Жылыой ауданы, Қошқақыл ауылында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оған сірке қышқылын шашқан. Содан соң үйден оның алтын бұйымдарын тонап, ізін жасыруға тырысқан. 

Химиялық күйіктен зардап шеккен үлкен кісінің көру қабілеті біршама төмендегені жайлы дерек бар. Туыстарының сөзінше, ауыр жағдайына қарамастан жәбірленушіні көп ұзамай үйіне жіберген. 

Қазіргі уақытта полиция шабуылдаушының жеке басын анықтаған, қылмыстың мән-жайын тергеуде. Зардап шеккен кісінің туған-туыстары істі ауыр денсаулыққа зиян келтірген тонау ретінде қарастыруды талап етіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу