"Атыраулық хакерге" қатысты іс сотқа жетті – ІІМ

581

Іс сотта қаралып жатыр.  

"Атыраулық хакерге" қатысты іс сотқа жетті – ІІМ Фото: politico.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен баспасөз брифингінде "атыраулық хакерге" қатысты сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл тұлға Түркиядан экстрадиция бойынша бізге жеткізілді. Қазіргі таңда алаяқтық бойынша 12 эпизодпен айып тағылды. Іс сот өндірісінде тұр. Өкінішке қарай, сол себепті бұдан артық ақпаратты айта алмаймын", – деді Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

"Бұған дейін де хабарлағанымыздай, оның қандай да бір дерекқорларға қол жеткізу мүмкіндігі болмаған және ол ондай мәліметтерді пайдалана алмаған. Ол алып, жариялаған ақпараттың бәрі – біздің қызметтік ақпараттарымызда қолданылған мәліметтер. Ақпараттың тарап кетуіне қатысты кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды", – деп атап өтті ІІМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін  Атыраудағы жоғалған отбасы жайлы ақпарат таратқан хакер жігіт Түркиядан ұсталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу