Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттен артық ақша алып келген

626

Атырауда мемлекет қаржысы есебінен тегін спорттық үйірмелер ұйымдастырған кәсіпкерлер үкіметтен артық ақша алып келген. 2 бизнес өкілі 7 ай бойы мемлекетке 50-ге жуық баланың жалған тізімін беріпті.

Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттен артық ақша алып келген

Заңбұзушылықты қалалық прокуратура өкілдері анықтады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір баланың қосымша қызығушылығына үкімет 5-10 мың теңге бөледі. Бүгінде тиыннан теңге құраған азаматтар кінәсін мойындап, 400 мыңнан астам теңгені кері қайтарған. Әзірге оларға қандай жаза қолданылатыны белгісіз.

Құзырлы органдар тергеу жүргізуде. Енді прокурорлар дәл осындай тексерісті облыс көлемінде өткізбек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу