Атыраулық түйе балуан қажылыққа жолдама ұтып алды

1143

Атыраулық түйе балуан қажылыққа жолдама ұтып алды

Жақында Алматы қаласында қазақ күресінен түйе балуандар арасында өткен ІV республикалық турнирге Атырау облысының намысын қорғап барған қызылқоғалық Мәлік Төлеуішов жүлделі орынмен оралды, деп хабарлайды atpress.kz.
Республиканың әр түкпірінен жиналған 6 балуанмен алысып, оның бесеуінің жауырынын жерге тигізген спортшымыз кіші қажылыққа тегін жолдаманы ұтып алды. Мәлік Төлеуішов ақтық айқаста қостанайлық балуан Дәулетхан Қосмағанбетке есе жіберіп алған. Төлеуішовті қазақтың даңқты балуаны, тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров марапаттап, кіші қажылықтың сертификаты мен қаржылай сыйлығын табыстады.   

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін ұйымдастырылған додадаға әр өңірден іріктелген 60 балуан қатысқан. 

- Қазақ күресінде жүргеніме он жылдай уақыт болды. Ауданда жаттықтырушы болып қызмет етіп, болашақ балуандарды тәрбиелеудемін. Бұл турнирге биыл екінші мәрте қатысуым. Алғашқы турнирдегі белдесуім сәтсіз аяқталған. Биыл кіші қажылыққа бару бақыты бұйырып отыр, - дейді жеңімпаз.

Балуанды ауыл шетінен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Олжағалиев, "Бәйтерек" мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов, достары мен ізбасарлары және аудандық спорт бөлімінің ұжымы ауыл сыртынан күтіп алып, жеңісіне сай құрмет көрсетті. 

Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған ІІІ республикалық турнир Қызылқоға ауданынан барған балуан Біржан Молдашев та кіші қажылыққа жолдама алған болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу