Атышулы Kyzdar.net сайты неге әлі бұғатталмағаны белгілі болды

611

Сервер иелері республика аумағынан тыс жерде орналасқан.  

Атышулы Kyzdar.net сайты неге әлі бұғатталмағаны белгілі болды Фото: depositphotos.com

Қазақстан бұл бағытта Германия және Интерполмен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, ІІМ Интерпол арқылы сұрау жолдаған.

"Сервер де, сайттың иелері де шетелде орналасқан. Сондықтан бұл жұмыс Интерпол және Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы жүріп жатыр. Біз сайтты жабу үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Мұнда белгілі бір құқықтық әрі халықаралық алгоритм бар. Сервер бір батырманы басып, өшіріп тастауға болатындай Қазақстанда емес", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Вице-министрдің сөзінше, бұл бір күнде бітетін жұмыс емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу