2026 жылғы 14 қараша сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
- "Көкшетау – Атбасар" автожолының 0 – 184 шақырым аралығы (Көкшетау қ. – Атбасар қ.);
- "Щучинск – Зеренді" автожолының 0 – 77 шақырым аралығы (Щучинск қ. – Зеренді а.);
- "Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол ө/п)" автожолының 232 – 302 шақырым аралығы (Щучинск қ. – Көкшетау қ.).
Жолды 2026 жылы 15 қараша сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу