Ауа райына байланысты бірқатар жол жабық

1032

Бүгінде республикалық маңызы бар жолдарды 600 арнайы техника қардан тазалап жатыр.

Ауа райына байланысты бірқатар жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыстағы тас жолдар жабық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда төмендегі жолдар жабық тұр:

Ақмола облысы 
Жезқазған – Петропавл тас жолы (377-440 шақырым);
Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолы (16-200 шақырым);

ШҚО
Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолы (707-941 шақырым);

Қарағанды облысы
Жезқазған-Петропавл тас жолы (142-252 шақырым);

Қостанай облысы 
Жезқазған – Петропавл тас жолы (252-340 шақырым). Мұнда көліктің барлық түріне жолда жүруге шектеу қойылды;
Жезқазған – Петропавл тас жолы (340-377 шақырымы);

Павлодар облысы 
Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолы (200-254 шақырым).

Сондай-ақ бүгінде республикалық маңызы бар жолдарды 600 арнайы техника қардан тазалап жатыр.

"Оның ішінде жол тазалайтын көліктер, тиегіштер, автогрейдерлер, жүкті өзі түсіретін көліктер (самосвал), тракторлар бар. Сондай-ақ жолдарда 1 300-ге жуық жұмысшы еңбек етуде", – деп жазылған хабарламада.

Сонда-ақ көктайғақ болмас үшін жолдарға шамамен 4 мың тонна құм-тұз қоспасы себілген.

Биыл 19-24 наурыз аралығында Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдарда 86 рет қозғалыс шектелген.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жолда төтенше жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болатынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу