2026 жылғы 8 қараша сағат 17:20-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы:
- "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 18 – 232 шақырым аралығы (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
- "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 16 – 200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200 – 254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).
Жолды 2026 жылы 9 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу