Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылады

162

Жолды ертең, 9 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылады Фото: canva

8 қарашада сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек." автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу