Ауа райына байланысты ескертулерді елемейтіндер көп

818

Қыс басталғалы бері жолда қалған 204 адам құтқарылған.

Ауа райына байланысты ескертулерді елемейтіндер көп

Қыс басталғалы бері ел тұрғындарына "112" телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді, 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Дегенмен ескертулерді ескермей жолға шығып кеткендер де болған. Құтқарушылар осылайша қар құрсауында қалған 204 адамды, оның ішінде 14 баланы құтқарыпты. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланған, қарға батқан 57 автокөлік шығарылған.

Жолда қалғандар үшін жылыту пункттері ұйымдастырылыпты. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда республикалық маңызы бар автожолдарда орналасқан Төтенше жағдайлар министрлігінің 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.

"Қысқы маусымда көлікпен алыс жолға шықпас бұрын, міндетті түрде ауа-райы болжамын  қарау қажет. Егер қатты боран болса, сіз жол кептелісіне түсіп қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер сізге қандай да бір елдімекенге шұғыл бару қажет болса, межелі жерге кедергісіз жету үшін темір жол көлігін пайдалануды ұсынамыз. Егер сіз осы қарапайым нұсқауларды орындасаңыз, бұл боран кезінде және бораннан кейін аман қалуға көмектеседі",– дейді төтеншеліктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу