banner

Ауа райына байланысты оқушылар онлайн оқиды

791

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Ауа райына байланысты оқушылар онлайн оқиды Фото: google

Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады.

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 35 градус аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу