ҚазАвтоЖол тағы 4 облыста жол жабылатынын мәлім етті.
Қызылорда облысы:
7 қаңтарда сағат 19:00-де республикалық маңызы бар "Қызылорда-Жезқазған" автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынан – Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 8 қаңтарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ұлытау облысы:
7 қаңтарда сағат 19:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Жолды 8 қантарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
7 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Қостанай облысында:
"Жезқазған-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Ақмола облысында:
"Жезқазған-Петропавл" 377-440 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).
Жолды 8 қаңтар сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.