Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді

173

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлімдеді.

Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді Фото: canva

11 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысы

– "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 433-750 шақырым аралығындағы (Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейін); 

Ақмола облысы

– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);

– "Жақсы – Есіл – Бұзылық" автомобиль жолының 0-82 шақырым аралығындағы (Ақсай елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);

– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автомобиль жолының 915 -1002 шақырым аралығындағы (Жақсы елді мекенінен Атбасар елді мекеніне дейін);

– "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолының 537 – 552 шақырым аралығындағы (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін);

Қостанай облысы

– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 218-232 шақырым аралығында (Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін). 

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу