Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды

794

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.  

Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды, деп хабарлайды "QazAvtoJol" ұлттық компаниясы.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған.

Атап айтқанда, "Нұр-Сұлтан – Петропавл" (18-231 шақырымы), "Нұр-Сұлтан – Қорғалжын" (19-180 шақырымы), "Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті" (16-200 және 200-242 шақырымы), "Екатеринбург – Алматы" (1006-1247 және 1291-1353 шақырымдары), "Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау" (51-102 шақырымы), "Қызылорда – Павлодар" (1135-1250 және 1066-1135 шақырымдары) және "Нұр-Сұлтан – Қарағанды" тасжолдары жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу