"Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Жедел байланыс желісін" іске қостық. Тұрғындар ТЖМ: +7172 53 32 84, Ақмола облысы ТЖД: 8 7162 55 14 84, Қарағанды облысы ТЖД: 8 7212 51 72 23, Павлодар облысы ТЖД: 8 718 2 20 11 12 нөмірі бойынша хабарласа алады", - деді ресми өкіл.
Сонымен қатар, Талғат Уәли жүргізушілер алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын міндетті түрде біліп алу керегін ескертті.
Ресми өкіл "Қазавтожол" ҰК сайтында жабылған жолдардың картасын көруге болатынын, 1403 немесе 112 құтқару қызметінің телефон нөмірі арқылы тиісті ақпаратты алуға болатынын айтты.
Сондай-ақ, ол "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы да мәліметті нақтылауға болатынын жеткізді.
Айта кетейік, 7 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавл" жолы жабылып, Нұр-Сұлтан және Щучинск тасжолында көліктер тоқтап қалған еді.