Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, тұман кезінде қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтау маңызды екені ескертіледі.
Жолдағы жағдайды білу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады. Колл центр тәулік бойы жұмыс істейді.
Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу