Ауа райына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

637

Жолдың 8 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.

Ауа райына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды Фото: canva.com

Бұл туралы QazAvtoJol мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында – 2 учаске

1. "Екатеринбург – Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл.шек. – 61 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

2. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 35-51 км, Қабанбай батыр к.  Қарағанды обл.шек. – 16 км. (Қарағанды облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Жамбыл облысында – 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км (I категория), Кенен а. – Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Жетісу облысында – 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қарағанды облысында – 2 учаске

1. "Екатеринбург Алматы" 1353-1373 км, Ақмола обл.шек. Осакаровка к. – 20 км. 2. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 51-266 км, Ақмола обл.шек. Теміртау қ. – 215 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында – 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл.шек.– Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу