Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды

1013

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды

Қазақстанда боранға байланысты Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігі Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап боранға байланысты Екатеринбург – Алматы тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылған. Бұл – Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Атбасар тас жолдары жабылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу