Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

195

Халықты ескерту мақсатында "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды Фото: inbusiness.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесі жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Жетісу облысы "Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы" Көктұма ауылы – Достық станциясы. 

Абай облысы "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" учаскесі Қайнар ауылы, Баршатас ауылы. 

Қарағанды облысы "Астана – Караганда – Алматы" Атамекен ауылы – Балхаш қаласы. 

Сағат 22:30-да ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 6-254 шақырымы аралығында (Ушановское ауылынан Үлкен Нарын ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды ашу 6 ақпан сағат 08:00-де жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу