Бүгін бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Ақмола мен Қарағанды облыстарында сынап бағанасы -2 градусқа дейін төмендейді.
Ал орталық және оңтүстік өңірлерде тұман мен найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда мен Жетісу облыстарында өрт қаупі сақталады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу