Ауаны ең алдымен ескірген көліктер ластап жатыр – министр

1183

Елдегі 2,5 млн көліктің пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мұның салдары ауаның ластануына әкеп соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауаны ең алдымен ескірген көліктер ластап жатыр – министр

"Қазір атмосфера ауасын ластаудың негізгі көздерінің бірі – автокөлік болып тұр. Оның себептерінің бірі – автокөлік құралдарының тозуы. Тіркелген 3,9 млн автокөліктің ішінде пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан 2,5 млн көлік бар. Яғни ескірген көліктердің үлесі 64% құрайды", - деді министр Үкімет отырысында.

Өткен жылдың соңында "Техникалық реттеу туралы" заңының қабылданып, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын К4 және К5 экологиялық деңгейіне сәйкестігіне бақылау күшейтілген. 

"Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігіне жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын бақылауды жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Бұдан басқа, техникалық байқау станциялары мен автокөлік иелерінің (ИИДМ) жауапкершілігін күшейту өте маңызды. Өз кезегінде әкімдіктер автопарктерді жаңарту жұмыстарын жалғастыруы қажет", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу