Аудандық деңгейдегі мемлекет қызметшілері этномедиациялық курстан өтеді

677

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, Қазақстан халқы ассамблеясы медиация негізінде кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын құруға кірісті. 

Аудандық деңгейдегі мемлекет қызметшілері этномедиациялық курстан өтеді

"Этномедиация бойынша оқу орталығын құрып, тұрақты оқу курстарын ұйымдастыру керек, онда аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі дайындықтан өтуі керек. Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне мемлекеттік басқару академиясымен, Ассамблея хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, аталған мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар беруді тапсырамын", – деді Тоқаев.

Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты отыз бірінші сессиясында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу