Әуе билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін

1194

Бұл мәселе "Atameken Business" телеарнасындағы "Tuski format" бағдарламасының негізгі тақырыбы болды.

Әуе билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін

ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің Көлік және байланыс салаларындағы тергеу басқармасының бас сарапшысы Ақжан Қайырбаеваның айтуынша, ең әуелі  кінәліні анықтау қажет.

"Содан кейін ғана біз алдын ала болжам жасай алмаймыз. Алайда, әуе компанияларының кінәсі анықталып жатса, билет бағасы арзандауы мүмкін.  Оны тергеу қорытындысы көрсетеді.  Тергеу барысында ең жоғары баға  "Эйр астана" мен "Scat" әуе компанияларына тиісті екені анықталды.  Мәселен "Air astana" әуе компаниясы бағаны 30 пайызға дейін көтерір жіберген. "Эйр Астана" 20 бағыт, ал "Scat" әуе компаниясы 2 бағыт бойынша жоғары баға қолданып отыр", – дейді Ақжан Кайырбаева.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитетінің шағымы бойынша "Эйр Астана" мен "SCAT" әуе компанияларына тергеп-тексеру жұмыстары басталған еді. Оның нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады. Әуе билеттерінің шамадан тыс қымбат екенін бұған дейін Мемлекет басшысы да айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу