Әуе көліктерінің қызметі бір жылда 17 пайызға қымбаттады

601

Екі өңірдегі бағаның өсімі 50%-дан асты.  

Әуе көліктерінің қызметі бір жылда 17 пайызға қымбаттады Фото: liter.kz

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысына сәйкес, әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 16,8%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысында тіркелді (+67%). Антилидерлер үштігіне Абай (+57,3%) және Қостанай (+43,2%) облыстары кірді.

Елдегі 20 өңірдің ішінде Ұлытау және Алматы облыстарында ғана бағаның төмендеуі байқалды: 20,8%-ға және 3,9%-ға.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында әуе компаниялары 11 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл 2021 жылға қарағанда 16,5%-ға көп. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді (7,4 млн адам). Одан кейінгі орындарда Шымкент (3 млн адам) және Астана (562,5 мың адам) орналасты.

Жолаушылар айналымы 20,1 млрд пкм-ге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 35,7%-ға артық.

Жүк пен багажды әуе көлігімен тасымалдау 24,5 мың тоннаны құрады. Бұл  2021 жылмен салыстырғанда 27,9%-ға аз. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау Алматы (14,7 мың тонна), Шымкент (6,3 мың тонна), Астана (3,5 мың тонна) қалаларында ғана тіркелді.

Жүк айналымы 54,4 млн ткм құрады. Бұл 2021 жылға қарағанда 33,3%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу