Әуе компанияларына 39 мың жаңа ұшақ керек болады

1901

Әуе тасымыланың көлемі 2038 жылға дейін жылына орташа есеппен  4,3% өседі. Сондықтан осы кезеңге дейін 540 мың ұшқыш, 640 мың әуе-техникасының маманы керек болады.

Әуе компанияларына 39 мың жаңа ұшақ керек болады

Әуе компанияларына 39 мың жаңа ұшақ керек болады. Бұл туралы Airbus-тың әуе арқылы жолаушы және жүк тасымалы туралы жаһандық болжамында айтылды.

Әуе тасымыланың көлемі 2038 жылға дейін жылына орташа есеппен  4,3% өседі. Сондықтан осы кезеңге дейін 540 мың ұшқыш, 640 мың әуе-техникасының маманы керек болады.

2038 жылы әуеге көтерілетін 47,68 мың ұшақтың 39,21 мыңы жаңа, тек 8,47 мыңы бұрыннан қолданыста болуы мүмкін. Оның 25 мыңы парктерді ұлғайту бағдарламасы аясында алынатын жаңа ұшақтар. Ал қалғаны ескі, тиімсіз ұшақтарды алмастыруы қажет. Көптеген ұшақтардың тиімсіз болып қалуына жанармай тиімділігін арттыруға арналған жаңа технологиялар әсер етеді.
Экономикалық жағдай қалай болса да, жолаушылар легі 2000 жылдан бері екі есеге өседі.

"Жыл сайынғы 4% өсім әуе нарығының тұрақтылығын, оның кез-келген қысқамерзімді экономикалық өзгерістер мен геосаяси толқыныстарға төтеп бере алатынын көрсетеді", – дейді Airbus International вице-президенті және басшысы Кристиан Шерер.

Оның айтуынша азаматтық авиация жаһандық экономиканың өсуіне айтарлықтай ықпал етеді. Қазірдің өзінде бұл сала 65 млн адамды жұмыспен қамтып отыр.

"Осы көрсеткіштер біздің бизнесіміздің әлемдік сауда мен дүниежүзілік қауымдастыққа пайдалы екенімізді көрсетеді",– деп атап өтті компания басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу