Әуе тасымалындағы жолаушылар ағыны 91,9%-ға төмендеді

725

Шілде айында рейстердің толымдылығы 46,4%-ды құрады.

Әуе тасымалындағы жолаушылар ағыны 91,9%-ға төмендеді

2020 жылдың шілдесінде әлемде жолаушылар әуе тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,9%-ға төмендеген, деп хабарлады Интерфакс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығына (IATA) сілтеме жасап. 

Ал маусым айындағы бұл көрсеткіш 96,8% болатын. Бұл өз кезегінде Ресей мен Қытайдағы ішкі әуе қатынасының шектелуі, Еуропа мен әлемнің көптеген елдерінің шекараларының жабылуымен байланысты. 

Шенген аймағындағы елдердің шекараларының ашылуы Еуропадағы жолаушылар әуе тасымалының жандануына алып келді. Алайда әлемнің өзге елдерде маусым айымен салыстырғанда жағдай мәз емес. 

Шілде айында рейстердің толымдылығы 46,4%-ды құрады. Бұл рекордтық деңгейдегі төмен көрсеткіш. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 85,3% болатын. 

"Сұраныс дағдарысты жалғасуда. Бес жолаушының төртеуі үйінде қалуды жөн санайды. Салада барлығы тоқтап тұр", – деді IATA басшысы Александр де Жюньяк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу