Атырау әуежайында "тапанша бар" деп әзілдеген түркістандық жазаланды

354

Оқиға 19 мамыр күні болған. 

Атырау әуежайында "тапанша бар" деп әзілдеген түркістандық жазаланды Фото: liter.kz

Атырау халықаралық әуежайында "Атырау–Шымкент" бағыты бойынша №788 рейске тіркелу кезінде 34 жастағы Түркістан облысының тұрғынын тексеру барысында әуежай қызметкерлерінің "заңға қайшы заттар бар ма?" деген сұрағына "тапанша бар" деп жауап берген. Осыдан кейін жолаушы рейске жіберілмей қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кейін жүргізілген тексеріс барысында азаматтың айтқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

"Осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Көліктегі полиция департаменті азаматтарды әуежайда жалған ақпарат беруден бас тартуға және қоғамдық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", – делінген Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу