“Әуежайға ерте келіңіз!”: Көрші елге ұшатын рейс жолаушыларына ескерту жасалды

Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі ресми парақшасында жазды.  

“Әуежайға ерте келіңіз!”: Көрші елге ұшатын рейс жолаушыларына ескерту жасалды Фото: flyarystan.com

2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қытайда елге кіру және елден шығудың жаңартылған ережелері күшіне енеді,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты иммиграциялық бақылаудан өту кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.

– Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттардың, соның ішінде төлқұжаттың болуын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, Қытай Халық Республикасына кіру және одан шығудың қолданыстағы талаптарымен танысу ұсынылады. Сондай-ақ, жолаушыларға әуежайға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келіп, бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады, – делінген хабарламада.

Әуекомпания Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің қолданыста екенін еске салады. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтары Қытай аумағында бір сапар аясында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз тұрақтау мәртебесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу