Әуезов театрын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ – министрлік

403

Жаңа қаржы жылының басталуы күтілуде. 

Әуезов театрын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ – министрлік Фото: informburo.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында екені айтылған. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтап қалуға қойылатын талаптарға сай толық аяқталатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу