Әуезов театрының 100 жылдығына орай "Еңлік – Кебек" спектаклі қойылды

161

Бұл қойылым қазақ кәсіби театрының тарихында айрықша орын алады.   

Әуезов театрының 100 жылдығына орай "Еңлік – Кебек" спектаклі қойылды Фото: gov.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында "Еңлік - Кебек" спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қойылым махаббат пен адалдық тақырыбын көтеріп, көпшілік көрерменге ізгі құндылықтарды насихат етеді.

Сонымен қатар, көрермен театр музейі ұйымдастырған "Ұлттық театрдың бастауы – "Еңлік - Кебек" қойылымы" атты экспозициямен танысты. Көрмеде алғашқы сахналық қойылымдар тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, құнды жәдігерлер мен театрдың көркемдік мұрасын айқындайтын материалдар ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу