Ауғанстан астанасы Кабулда үш бірдей жарылыс болды

833

Ауғанстан астанасы Кабулда үш бірдей жарылыс болды

Ауғанстан астанасы Кабулда үш бірдей жарылыс болып, нәтижесінде 7 адам қаза тапты. Тағы 17-сі жараланған, деп хабарлайды 24.kz.

Алғашқы лаңкестік әрекет шаһардың батысындағы полиция учаскесінің маңында жасалды. Жарылысты жанкешті жүзеге асырған. Кейін оқиға болған жерде тәртіп сақшылары мен лаңкестер арасында атыс болды. Ал қалған екі теракт шетелдік елшіліктер орналасқан аудандағы полиция бекетінде жүзеге асырылды. Алайда бұл жарылыстарды ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада Кабулда екі лаңкестік әрекеттен 25 адам көз жұмған еді. Олардың арасында 9 журналист бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу