Ауғанстан халқының жартысынан астамы гуманитарлық көмекке мұқтаж – БҰҰ

668

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға "көмек қолын созуға" шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ауғанстан халқының жартысынан астамы гуманитарлық көмекке мұқтаж – БҰҰ

Жиында елдегі күрделі жағдай мен Талибанның (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) билікке келуіне байланысты ерекшеліктер айтылады. Гриффитс мұндай саяси сілкіністер ауқымды гуманитарлық көмекті бір жылға жуық уақытқа тоқтатқанын атап өтті.

"Ауғанстанда 19 млн-ға жуық адам азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Олардың 6 млн-ы ашаршылық шегуі мүмкін. Халықтың жартысынан астамы – 24 млн-ға жуық адам ​гуманитарлық көмекке зәру", – деді Гриффитс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, 3 млн ауғандық бала ашаршылықтан зардап шегеді. Олардың ішінде млн-нан астам ұлдар мен қыздар дұрыс тамақтанбаудың ең ауыр, өмірге қауіп төндіретін түріне тап болып отыр.          

"Бұл азық-түлік дағдарысы  құрғақшылықпен, соның ішінде 2021 жылы соңғы 30 жылдағы ең ауыры болды. Оның салдары әлі де сезілуде. Ауғанстандық 10 адамның сегізі таза ауыз суға қол жеткізе алмайды", – деді Гриффитс.

Оның айтуынша, қазір Ауғанстанда 25 млн-ға жуық адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр және халық табысының төрттен үш бөлігі азық-түлікке жұмсалады. Ақша аударымдарын жүзеге асыратын отбасылардың саны 50%-ға азайды. Жұмыссыздық 40%-ға жетуі мүмкін, ал инфляция әлемдік бағаның жоғары болуына, импортты шектеуге және ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты өсуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу