Ауғанстан Қазақстаннан алдағы 4 жыл бойы бидай мен ұн сатып алмақ

899

ҚР ауыл шаруашылығы  министрі Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Мохд Фархад Азимимен кездесті.

Ауғанстан Қазақстаннан алдағы 4 жыл бойы бидай мен ұн сатып алмақ

Министрлікте өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда АИР-ны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты.

Айта кету керек, ауған нарығы қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі өткізу нарығы саналады. Қазақстаннан Ауғанстанға бидай мен ұн экспорты,  2018/2019 маркетинг жылдары (1 шілдеден 30 маусымға дейін) үшін  320 мың тоннаны және 1 028 мың тоннаны құрады.

Сондай-ақ Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу мәселелері, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу