Ауғанстан мен Пәкістан дереу атысты тоқтату туралы келісімге келді

125

Бұл туралы Қатардың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ауғанстан мен Пәкістан дереу атысты тоқтату туралы келісімге келді Фото: canva

Тараптар сондай-ақ Кабул мен Исламабад арасындағы бейбітшілікті орнату және тұрақтылықты нығайту тетіктерін құру жөнінде ымыраға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қатар мен Түркияның арағайындығымен 18 қазанда Дохада өткен келіссөздер барысында Ауғанстан мен Пәкістан өкілдері шекарада дереу атысты тоқтату жөнінде келісімге келді. 

"Келіссөздер раундында тараптар дереу атысты тоқтату және екі ел арасындағы бейбітшілікті орнату мен тұрақтылықты нығайту тетіктерін құру туралы келісті", – делінген Қатар СІМ-нің X-тегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде.

Келісімге Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Якуб Мужахид пен Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф, сондай-ақ Қатар мен Түркия өкілдері қол қойды. Қақтығысушы тараптардың делегациялары атысты тоқтату режимін сақтау және толық орындау мақсатында алдағы күндері консультациялар өткізуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу