Ауғанстан мен Пәкістан уақытша бітімге келді

105

Мұндай шешім Ораза айт мерекесіне орай қабылданып отыр.  

Ауғанстан мен Пәкістан уақытша бітімге келді Фото: AP

Пәкістанның мұндай шешім қабылдауына Сауд Арабиясы, Катар және Түркия сияқты елдердің жасаған өтініші ықпал еткен. Бейбіт келісім 19 наурыздан басталып 24 наурызға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рамазанның аяқталуына және Ораза айт мерекесіне орай ресми Кабул де әскери қимылдарын тоқтата тұратынын хабарлады.

Билік өкілі Забихулла Муджахидтің сөзінше, бұған мұсылмандар үшін маңызды мерекенің бірі басталуы және жоғары айтқан елдердің араласуы себеп болған.

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс осы жылдың ақпанында басталды. Наурызда Пәкістан әуе шабуылынан Кабулдағы жергілікті емханалардың бірі жарылып, 400-ден аса адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу