Ауғанстанда бір күнде 3 бірдей жарылыс болып, 72 адам ажал құшқан. Жарақат алғандардың саны 100-ден асады, деп хабарлайды 24.kz.
Алғашқы жарылыстардың бірі ел астанасы Кабулда тіркелген. Мұнда жанкешті өзін мешіт ішінде жарып жіберді. Қастандықты атышулы "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" мойнына алған. Артынша Гур провнициясындағы мешітте де ұқсас оқиға болды. Куәгерлер марқұмдар арасында балалар мен әйелдердің көп екенін айтады. Соңғы оқиға да Кабулда тіркелген. Мұнда үкіметтік мекемелер мен елшіліктер орналасқан ауданда жарылыс болды. Қолда бар мәлімет бойынша, марқұмдар мен жапа шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу