Ауғанстанда екі жарылыстан 29 адам қаза тапты

652

Ауғанстанда екі жарылыстан 29 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулдағы қос лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың 9-ы – бұқаралақ аппарат құралдарының өкілдері, деп хабарлайды 24.kz. 

Марқұмдардың арасында France-Presse, TOLOnews, Mashal TV, 1ТВ, және "Азаттық радиосының" Ауғанстандағы тілшілері бар. Террорлық акт жергілікті уақытпен таңғы сегіз шамасында болған. Алғашқы жарылыс шаһардағы дипломатиялық ауданда жасалды. Куәгерлердің айтуынша, лаңкес мотоциклмен кетіп бара жатып, өзін жарып жіберген. Осы маңға полиция өкілдері мен тілшілер жиналған сәтте екінші жанкешті топ адамның ішіне келіп жарылғышты іске қосқан. 

Екі жарылыстан жалпы саны 29 адам қаза тапты. 50-ге жуығы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, жараланғандардың арасында ауыр халде жатқандар бар. Сондықтан марқұмдар саны әлі артуы мүмкін. Сондай-ақ елдің Қандағар провинциясында шетелдік әскерилер шабуылға ұшырады. Қаз-қатар тізіліп жолға шыққан көліктердің қасында жанкешті өзін жарып жіберген. Салдарынан медреседе тәлім алып жүрген 11 оқушы мерт болып, алты сарбаз жараланды. Қаскөй румындық әскерилерді нысанаға алған. 

"Жанкешті жарылыс болған жерге операторлармен бірге жасырын кіріп кеткен. Сөйтіп адам көп шоғырланып тұрған жерге келіп, беліндегі жарылғышты іске қосқан. Салдарынан тілшілер және жергілікті адамдар қаза тауып, бірқатары жараланды", – дейді Кабул полициясының басшысы Мохаммад Дауд Амин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу