Ауғанстанда Халықаралық қызыл крест комитетінің қызметкерлерін ұрлап кетті

1041

Ауғанстанда Халықаралық қызыл крест комитетінің қызметкерлерін ұрлап кетті

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Құндыз провинциясында қаруланған белгісіз біреулер Халықаралық қызыл крест комитетінің бір топ қызметкерін ұрлап кетті, деп хабарлады сейсенбі күні аймақ губернаторының баспасөз қызметінің басшысы Махмадулла Донишке сілтеме жасаған Khurshid телеарнасы.
Оның айтуынша, ХҚКК-нің бір топ қызметкері Құндыз провинциясының Алиабад уезінен Балх провинциясына бара жатқан кезде  жоғалған.
Бұл оқиға үшін жауапкершілікті Ауғанстан аумағында әрекет ететін қарулы топтардың бірде-бірі әзірше өз мойнына алған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу