Ауғанстанда Халықаралық Қызыл Крест жұмысын тоқтатты

1209

Ауғанстанда Халықаралық Қызыл Крест жұмысын тоқтатты

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ұйымы қызметкерлеріне жасалған шабуылдан соң Ауғанстандағы қызметін тоқтатты, деп жазады Би-би-си.

Сәрсенбі күні қарулы адамдардың шабуылынан Қызыл Жарты Айдың алты қызметкері  қаза болды. Тағы екі қызметкер хабар-ошарсыз.

Халықаралық ұйым өкілдері мән-жайды анықтағанша гуманитарлық миссияны уақытша тоқтата тұратындығын мәлімдеді.  Сондай-ақ Ауғанстан жерінде ұйым қызметкерлерінің аяусыз өлтірілуі жиілеп кеткенін атап көрсетіп отыр.

Аса қажетті заттар тасымалдаған 3 жүргізуші және  5 қызметкерден тұратын Халықаралық Қызыл Крестің гуманитарлық көші 8 ақпанда  Джаузджан аймағында ойламаған жерден шабуылға тап болған.

Полицияның айтуынша, шабуылды  әлемнің көптеген елінде лаңкестік топқа жатқызылған "Ислам мемлекеті" содырлары ұйымдастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу